«Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлерімен кездесті.

Олар ұжым жұмысшыларына Конституция нормаларына түзетулер жаңа кезеңдегі өзгерістерге байланысты енгізілгендігін айтты. Ата заңның еліміздің тәуелсіздігін баянды етуге және адам құқықтарының сақтауға арналғаны жөнінде толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар азаматтарға елдегі негізгі шешімдерді қабылдауға қатысып, Халық Кеңесіне ұсыныстар енгізуге, стратегиялық бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретіндігі айтылды. Спикерлер ұжымға елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу үшін дауыс берудің маңыздылығын жеткізді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою