Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың командалары жарқын әрі қызықты өнер көрсетті. Бағдарламада еңбек күндерінен шабыт алған әзілдер, музыкалық қойылымдар мен шағын сахналық көріністер ұсынылды.
Ойын қорытындылары:
I орын — «Угольная пыль» командасы («Богатырь Көмір» ЖШС);
II орын — «Перезагрузка» командасы (Екібастұз ЖЭО);
III орын — «Самая Вышка» командасы (Екібастұз 2-МАЭС).
Сонымен қатар, қазылар алқасы арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:
«Үздік әзіл» — «Перезагрузка командасы (Екібастұз ЖЭО);
«Үздік актер» — Дархан Төлеубаев, «Угольная пыль» командасы («Богатырь Көмір» ЖШС);
«Үздік актриса» — Екатерина Кулиш, «Первая энергетическая» командасы (Екібастұз 1-МАЭС).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық командаларға шығармашылық ізденісі мен жарқын өнері үшін алғыс білдіреміз!