Автошаруашылықтың 2 – санатты технигі

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және санатсыз техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Жұмыс бағыты: автокөлік техникасын, механизмдер мен жабдықтарды пайдалануға және жөндеуге қатысты техникалық құжаттаманы жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ автокөлік техникасын, жабдық тетіктерін пайдаланудың техникалық деңгейін және автошаруашылық персоналының техникалық білімін арттыру мақсатында өндірістік құжаттаманы дайындау, құжаттарды сапалы дайындауды және оларды орындаушыларға уақтылы беруді қамтамасыз ету.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: ABeliy@gres2.kz байланыс телефоны: 8(7187) 227510(ішкі 331).


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою