Бас бухгалтердің салық жөніндегі орынбасары

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі.

Жұмыс бағыты: ай, тоқсан, жыл бойына салықтық есепке алуды ұйымдастыруды және салықтық және статистикалық есептілікті жасауды жүзеге асыру және оны салық және статистикалық органдарға ұсыну, бухгалтерлік есеп шоттарында есептелген салықтар мен төлемдерді көрсету, бухгалтерлік есепте салық салуға байланысты операциялардың дұрыс көрсетілуіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, салық органдарының тексерулер жүргізуіне қатысу, Қоғамның салық бюджетін әзірлеуге қатысу.

Түйіндеме  мен дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: SUrazaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.358) телефоны бойынша  хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою