Басқарма төрағасының құқықтық мәселелер және тәуекелдерді басқару жөніндегі орынбасары

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Бейіндік салалардағы жоғары кәсіптік білім: құқықтану және / немесе құқықтану және/немесе экономика және / немесе менеджмент.

Халықаралық аккредиттелген бағдарлама бойынша құқық магистрі және/немесе МВА және/немесе ЕМВА және/немесе LLM дәрежесінің болғаны жөн. Корпоративтік басқару, корпоративтік есептілікті, тәуекелдер басқару, ESG саласында қосымша білімі болғаны  жөн.

Жұмыс тәжірибесі:

Компанияда, дәлірек энергетика саласында құқықтық сүйемелдеу және/немесе корпоративтік басқару/тәуекелдерді басқару салаларында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;

Қызмет ауқымы, күрделілігі және/немесе табыс көлемі бойынша Қоғаммен салыстырылатын компаниялардағы бейіндік салалардағы басқару жұмысының кемінде 5 жыл тәжірибесі, дәлірек  энергетика саласында.

Функционалды ішкі құжаттарды, саясатты және/немесе стратегияны әзірлеу тәжірибесі.

Оң нәтижемен қайта құру бағдарламаларын (функционалдық жобаларын) іске асыру;

Мемлекеттік органдармен, оның ішінде бақылау және қадағалау органдарымен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

Талап-арыз жұмысының білімі мен тәжірибесі;

Сот процестеріне табысты қатысу, корпоративтік мүдделерді қорғау тәжірибесі; Корпоративтік басқарудың мақсатты құрылымын құру тәжірибесі;

Корпоративтік басқару мен тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәжірибесі.

Жұмыс  бағыты:

Процестерге басшылық жасайды және Қоғам мен оның органдары қызметіндегі заңдылықтың сақталуын, соттар мен өзге де мемлекеттік органдарда Қоғамның мүліктік құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды, корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етеді, тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты үйлестіреді, процеске басшылық етеді және бизнес-процестердің тиімді жұмыс істеуі және Қоғамның стратегиялық мақсаттарына  қол жеткізу үшін жағдайлар жасау мақсатында құжат айналымы мен іс жүргізу процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Түйіндеме  мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz және  8 (7187) 227510 (ішкі.337) телефоны  арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою