«Біздің Отанымыз-Қазақстан!» фотобайқауы

Екібастұз МАЭС-2 станциясында «Біздің Отанымыз-Қазақстан!» атты Наурыз мейрамына арналған фотобайқауы өтті. Тақырыптық фотосуреттер ӘТК ғимаратының екінші қабатында орналасқан фотокөрмені безендірді. Іс-шараның басты мақсаты- қызметкерлердің шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, кәсіпорынның қоғамдық өмірінде шығармашылық белсенділікті, бастамашылдықты дамыту болды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды – «Балалар- бұл бақыт! Балалар- бұл балғын жел! Балалар- еліміздің болашағы!» атты жұмыспен, ААЖУ шебері Бақыт Қаржаубаева жеңіп алды.
ІІ орын «Ару қыз» атты жұмыспен ҚТС және ДК цехының шебері Бекрахмет Садықовқа бұйырды.
ІІІ орынмен, әрдайым әріптестерін ерекше фотосуреттермен қуантатын, ҚҚ және ЕҚ жетекші инженер- энергетигі Татьяна Подыма ие болды. Ол «Біздің Отанымыз- Екібастұз МАЭС-2» атты жұмысын ұсынды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою