«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының коммерция және өткізілім жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Басқарма төрағасының коммерция және өткізілім жөніндегі орынбасары біліктілік талаптарына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті қажетті білімі және кәсіби тәжірибесі болуы тиіс:
1) жоғары кәсіптік білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша жұмыс өтілінің (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кәсіпорынның тиісті бейінінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл болуы;
3) кәсіби білімінің және Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттемелейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуінің болуы
4) Қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективасын, стратегиясын, басымдықтарын білу;
5) оң жетістіктер мен мінсіз іскерлік беделдің болуы.
Өтуі тиіс:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзімділік тұрғысынан психологиялық профайлингті қолдана отырып, полиграфта міндетті түрде мамандандырылған тексеруді жүзеге асырады;
2) “ЕГРЭС-2 ст.”АҚ комплаенс офицерінің тарапынан аффилиирленгендігінің және мүдделер қақтығысының болуы/болмауы тұрғысынан міндетті түрде тексеруді жүзеге асырады.
Жұмыс бағыты: заңнамамен, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Жарғысымен және Қоғамның басқару органдарының шешімдерімен белгіленген тәртіпте Қоғам қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; электр энергиясын өткізу жөніндегі шарттарды уақтылы жасасу және электр энергиясын сатып алу жөніндегі тендерлерге қатысу; лауазымдық өкілеттіктері шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық, мердігерлік ұйымдармен, тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара қарым-қатынастарда қоғамның мүдделерін білдіру.
Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: GAtymtaeva@gres2.kz және байланыс телефоны: 8 (7187) 227510 (ішкі.337)