Басқарма төрағасының коммерция және өткізілім жөніндегі орынбасары

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының коммерция және өткізілім  жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Басқарма төрағасының коммерция және өткізілім жөніндегі орынбасары біліктілік талаптарына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті қажетті білімі және кәсіби тәжірибесі болуы тиіс:

1) жоғары кәсіптік білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша жұмыс өтілінің (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кәсіпорынның тиісті бейінінде басшылық  лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл болуы;

3)      кәсіби білімінің және Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттемелейтін  заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуінің болуы

4) Қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективасын, стратегиясын, басымдықтарын білу;

5) оң жетістіктер мен мінсіз іскерлік беделдің болуы.

Өтуі тиіс:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзімділік тұрғысынан психологиялық профайлингті қолдана отырып, полиграфта міндетті түрде мамандандырылған тексеруді жүзеге асырады;

2) “ЕГРЭС-2 ст.”АҚ комплаенс офицерінің тарапынан аффилиирленгендігінің және мүдделер қақтығысының болуы/болмауы тұрғысынан міндетті түрде тексеруді жүзеге асырады.

        Жұмыс бағыты: заңнамамен, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Жарғысымен және Қоғамның басқару органдарының шешімдерімен белгіленген тәртіпте Қоғам қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; электр энергиясын өткізу жөніндегі шарттарды уақтылы жасасу және электр энергиясын сатып алу жөніндегі тендерлерге қатысу; лауазымдық өкілеттіктері шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық, мердігерлік ұйымдармен, тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара қарым-қатынастарда қоғамның мүдделерін білдіру.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға  келесі электронды мекенжайға жіберу керек: GAtymtaeva@gres2.kz және байланыс телефоны: 8 (7187) 227510 (ішкі.337)


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою