Директорлар кеңесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ жаңа басшысын таныстырды

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Репин Екібастұз ГРЭС-2 ұжымына Директорлар кеңесінің шешімімен сайланған жаңа Басқарма төрағасы Жандос Медеуовті, сондай – ақ Басқарма төрағасының инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары Владимир Луняковты таныстырды.

А. Репин жаңадан тағайындалған басшылардың кәсібилігін атап өтті. “Станция алдында маңызды міндеттер тұр. Біріншіден, бұл апатсыз жұмыс және еңбек ұжымындағы әлеуметтік тұрақтылық. Адамдар — біздің басты капиталымыз“, — А. Репин.

“ЕГРЭС-2 ст.” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Серік Түйтебаев жаңа Басқарма төрағасы мен станция ұжымына табыс тілеп, акционерлер белгілеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Ж. Медеуов сенім білдіргені үшін алғыс айтып, станция ұжымының  жемісті жұмысына сенім білдірді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою