Екібастұз ГРЭС-2 автопаркті жоспарлы түрде жаңартып, станцияның материалдық-техникалық базасын нығайтуды жалғастыруда

Екібастұз ГРЭС-2 автопаркті жоспарлы түрде жаңарту және станцияның материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Осы жұмыстар аясында өндірістік және шаруашылық процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа техника сатып алынды.

Станцияның автопаркі келесі арнайы және жеңіл көлік құралдарымен толықты:

  • 6 YUTONG автобусы;
  • 2 Toyota Hilux пикабы;
  • 1 Foton Toano жедел медициналық көлігі;
  • 2 Hyundai Elantra жеңіл автокөлігі;
  • 2 Foton Toano шағын автобусы;
  • 1 жүк көтерімділігі 25 тонналық HOWO самосвалы;
  • 1 ірі габаритті және ауыр техниканы тасымалдауға арналған AIHUA арнайы тралы.

«Біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайдың жасалуы біз үшін маңызды. Автопаркті жаңарту қызметкерлерді тасымалдау жайлылығын арттыруға, өндірістік міндеттерді орындау жеделдігін қамтамасыз етуге және станцияны заманауи техникамен жабдықтауға мүмкіндік береді. Ұжымға қамқорлық жасау, қауіпсіздік және кәсіпорынның тұрақты жұмысы біз үшін басты басымдықтар болып қала береді», — деп атап өтті Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гаухар Нұғманова.

Автопаркті жаңарту — Экібастұз ГРЭС-2-нің өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған кешенді жұмысының маңызды бөлігі.

Станцияда әлеуметтік қолдау көрсетуге және қызметкерлер үшін лайықты еңбек жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Экібастұз ГРЭС-2 өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту, өндірістік процестердің тиімділігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлер үшін жайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Сенімді техника — станцияның тұрақты жұмысын күн сайын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосып жүрген адамдар үшін.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою