Екібастұз ГРЭС-2-де станцияның жастар активінің қорытынды есептік кездесуі өтті

ГРЭС-2 жастар активінің төрағасы Нұртанов Нариман жыл қорытындысын шығарып, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хаттарын табыс етті. Биыл 21 белсенді қызметкер 2023 жылдың қорытындысы бойынша жастар саясатын дамытуға белсенді қатысқаны және жемісті жұмысы үшін алғыс алды.

Нариман жастарды станцияның қоғамдық жұмысындағы үлкен жетістіктерімен құттықтап, биыл ауқымды іс-шаралар керемет табыспен өткенін атап өтіп, алдағы жылы сәттілік тіледі.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою