Екібастұз ГРЭС-2 еріктілері тұрғындарды өздерінің жан жылуымен жылытуда!

Екібастұз қаласында жылуды қалпына келтіру күресінің осы қиын күндерінде барлық тұрғындар мен жұмысшы бригадалар қолдауды қажет етеді.
Станция еріктілері үйлерді аралап, мұқтаждар бойынша ақпарат жинауда. Бүгінгі таңда қызметкерлер 200 электр жылытқышы, су, тамақ және жылы киімдер түрінде көмек көрсетті. Сонымен қатар, күн менен түнде суыққа және аязға қарамастан жұмыс істейтін әр жұмысшыға жауаптылық пен көңіл бөлгені үшін @crmi_ekb @mrc_ereimentau @ereimentau_audanynyn_akimdigi @mfk_dostyk @elka_ekibas және барлық еріктілерге ерекше алғыс білдіргіміз келеді.
Әрине, алдағы күндері төтенше жағдайдың барлық салдары толығымен жойылады деп сенеміз және үміттенеміз, бірақ әзірге Екібастұз тұрғындарына көмек қажет.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясы жылу энергиясын толық қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Күшіміз бірлікте!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою