«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның көркемөнерпаздар ұжымы Екібастұз өңірінің ауылдарында мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысуда.

Екібастұз ГРЭС-2 “ТВОРИ ДОБРО” шығармашылық тобы “Мақпал” МҮ өкілдерімен, қалалық ардагерлер клубының “С ПЕСНЕЙ ПО ЖИЗНИ” халық хорымен бірлесіп, Екібастұз өңірінің ауылдарында қарттар күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.
Концерттер Екібастұз ауданының Құлакөл және Ақкөл ауылдарында өтті. “Біз бос қолымызбен келген жоқпыз, концерттік бағдарлама әкелдік. Көрермендер бізді әрдайым жылы қабылдайды”,-дейді ГРЭС-2 қызметкері, “Твори добро” ұжымының қатысушысы Наталья Плахина.
Көрермендер арасында ардагерлер де болды. Ата-әжелер шын жүректен ән айтып, би биледі. “Твори добро” тобы мүшелерінің айтуынша, әрбір осындай кездесу олар үшін нағыз мереке.
Қарттар күніне арналған концерттік тур 2021 жылдың 28 қыркүйегінен 5 қазанына дейін жалғасады. Мерекелік шаралар алты ауылдық округте өтеді.
30 қыркүйек күні сағат 15-00-де Солнечный кентінің “Мақпал” МҮ-де көркемөнерпаздар ұжымдарының, “Твори ДОБРО”, “С ПЕСНЕЙ ПО ЖИЗНИ” және “Мақпал” МҮ әртістерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді.
“Твори добро” тобын Екібастұз ГРЭС-2 басшылығы мен “Nur Otan” партиясының “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ бастауыш партия ұйымы қолдайды.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою