“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ның “Твори добро” бастамашыл тобының Екібастұз өңірінің ауылдарында өткізген мерекелік іс-шаралары аяқталды.

“Қамқорлық” айлығын өткізу аясында қалалық көркемөнерпаздар ұжымдары Екібастұз өңірінің ауылдарында концерттер өткізді. Екібастұз ГРЭС-2 “Твори добро” бастамашыл тобы қалалық ардагерлер клубының халық хоры өкілдерімен бірлесіп, Құлакөл, Ақкөл, Төртқұдық, Бесқауға, Шиқылдақ, Сарықамыс, Бәйет, Төртүй, Шідерті, Марғұлан және Солнечный ауылдарында өнер көрсетті.
“Көрермендер бізді әдеттегідей жылы қабылдады”, – деп өз әсерімен бөлісті ГРЭС-2 қызметкері, “Твори добро” ұжымының қатысушысы Наталья Плахина.
Ауыл көрермендері үшін шығармашылық ұжымдар өздерінің үздік музыкалық нөмірлерін орындады. Көрермендер өнер көрсетушілермен бірге ән және күлдіргі өлеңдер айтып, әңгімелесіп би биледі. Әуесқой әртістердің айтуынша, әрбір осындай кездесу олар үшін нағыз мереке.
“Іс-шараның мақсаты ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен этномәдениетін сақтау. Жыл сайын мереке қарсаңында концерт беру – бұл жақсы дәстүрге айналды!”, – деді Наталья Плахина сұхбатында.
Концерт өткен ауылдық округ әкімдері шығармашылық ұжымдардың қатысушыларын алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетейік, станцияда “Твори добро” бастамашыл тобы 7 жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде ол 15 адамды біріктіреді, олардың арасында ГРЭС-2 қызметкерлері мен олардың балалары да бар.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою