Екібастұз ГРЭС-2 станциясы -Үздік салық төлеуші

2022 жылғы 9 желтоқсан күні Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өткізген 2021 жылдың қорытындысы бойынша Үздік салық төлеушілерді және сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты-экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін салық төлеушілердің жетістіктерін атап өту, бизнесті адал, ашық және сауатты жүргізуді танымал ету, Қазақстанның экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін салық төлеушілердің қызметіне жұртшылықтың назарын аудару.

Байқауға Павлодар облысының түкпір-түкпірінен ірі, шағын және орта бизнес субъектілері қатысты.

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ “Ірі салық төлеуші” санатындағы “Үздік салық төлеуші” байқауының жеңімпазы атанды.

Салтанатты рәсім барысында “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Акмарал Сейдигалиева, – “Біз үшін Үздік салық төлеуші атағын алу үлкен мәртебе! Біздің компания өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға ұмтылады”, – деп алғысын білдірді.

Іс-шара жеңімпаздарға марапаттар табыстаумен және жалпы естелік фотосуреттермен аяқталды.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою