Екібастұз ГРЭС-2 станциясында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі айлығының салтанатты жабылуы өтті.

Айлық барысында кәсіпорында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және әрбір қызметкердің өз өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Айлық аясында конкурстар, оқыту тренингтері, тәжірибелік сабақтар және еңбекті қорғау талаптары бойынша білімді тексеру іс-шаралары өткізілді. Станцияның барлық құрылымдық бөлімшелері белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және қауіпсіз еңбекке деген ұмтылысты көрсетті. Іс-шаралар қорытындысы бойынша қатысушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарастың маңыздылығын дәлелдеді.

Станция басшылығы барлық қызметкерлерге белсенді қатысқаны, бастамашылдығы және еңбекті қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Кәсіпорындағы еңбекті қорғау — бұл тек ережелерді сақтау ғана емес, әрбір қызметкердің күнделікті саналы әрекеті


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою