Екібастұз ГРЭС-2 станциясында тілдер айлығының жабылуы өтті

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында тілдер айлығының салтанатты жабылуы өтті. Айлық аясында оннан астам іс-шара өткізілді. Станция қызметкерлері арасында өткен «Тіл –достықтың кілті» атты іс-шарада сүйікті ақындардың өлеңдерінен үзінді оқылды және қазақ, орыс, ағылшын, өзбек тілдерінде әндер айтылды, қазақ тілінен ашық диктант жазылды, «Полиглот» онлайн сайысында үш тілде білімдерімен бөлісті, мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш шараларға станция қызметкерлері қатысты. Осы іс-шаралар легінің қорытындысы ретінде тілдер айлығының белсенді қатысушыларын Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолла алғыс хаттармен марапаттады. Марапат алғандардың арасында шарттарды жасау және сүйемелдеу жөніндегі тобының жетекшісі Наталья Хлынова, медициналық тіркеуші Олеся Ювко, жетекші инженер-энергетик Наталья Евдокимова.
Басқарма төрағасы Дәурен Сағидолла мемлекеттік тілді насихаттаудағы, этнос өкілдерінің тіл, мәдениет және Қазақстан халқының салт-дәстүрлері көрсетіліміндегі жоғары белсенділігін атап өтті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою