Екібастұзда «Қазақстандық энергетика қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің I Республикалық Пленумы өтті.
Аталған шара Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына арналды. Кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне шынайы алғыс білдіріліп, мерейтойлық медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, салтанатты жиында энергетика саласының қызметкерлері — сала дамуына қосқан үлесі, көпжылдық адал еңбегі, азаматтық белсенділігі мен кәсіподақ қозғалысына адалдығы үшін марапатталды.
– Осы ерекше күнде еңбек адамдарының мүддесін қорғап, әділетті әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары қоғам құруға үлес қосып жүрген барша әріптестерге шынайы алғысымды білдіремін. Ортақ жұмысымыз табысты болып, бірлік, жауапкершілік пен өзара қолдау — басты ұстанымдарымыз бола берсін, – деді ҚАЗЭНЕРГОКӘСІПОҚ төрағасы Оразбек Бекбас.
Марапатталған барлық сала майталмандарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен белсенді ұстанымдарыңыз – еліміздегі энергетика қауымдастығы үшін үлкен үлгі!
Мерекелік атмосферада сондай-ақ ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері де энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» медалімен 🔹 Сайфутдинов Андрей Васильевич — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның ПТУ бастығы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» 🔹 Шеломенцева Анастасия Сергеевна — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ еңбекақы және еңбек жөніндегі бөлімінің басшысы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен 🔹 Нұрұмова Жанар Сапарқызы — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ гидротехникалық құрылыстар мен жер асты коммуникациялары цехының 1-санатты инженері марапатталды.
«Қазэнергокәсіподақ» Құрмет грамотасымен 🔹 Жұманазарова Рабиға Бахчанқызы — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның емдеу-алдын алу қызметінің медбикесі марапатталды.
«Казэнергокәсіподақтың» Алғыс хатымен 🔹 Мұхамеджанова Самал Ермұханқызы — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның Өндірісті дайындау цехының инженер-технологы марапатталды.