Күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені көтеруге дайындық үшін станцияда жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылды. Жөндеу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 28 шілдесінен бастап №1 энергоблокта ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Жоспарланған жұмыстарға сәйкес, қазандықтарды, турбоагрегаттарды, генераторларды, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Негізгі және қосалқы жабдықтардағы барлық жұмыстарды “ЭМ-Холдинг” ЖШС мердігерлік ұйымы, сондай-ақ станцияның жөндеу қызметкерлері жүзеге асырады.
«СЭГРЭС-2» АҚ №1 энергия блогына ағымдағы жөндеу жүргізу кезеңінде мердігерлік тәсілмен келесі жұмыс көлемін орындау жоспарлануда:
- П-57р қазандығын жөндеу, қазандық агрегатының қосалқы жабдығы;
- №1 ст. К500-240 ЛМЗ турбинаны жөндеу;
- №1 ст. ТВВ-5002 ЕУЗ турбогенераторын жөндеу;
- Электротехникалық жабдықтарды жөндеу (трансформаторлар, электр қозғалтқыштар).
“СЭГРЭС-2” АҚ өз күшімен келесі жұмыс көлемдерін орындайтын болады: арматураны жөндеу, регенерация жүйесін жөндеу, тарту-үрлеу механизмдерін жөндеу, турбинаның қосалқы жабдығын жөндеу, диірмен жабдығын және №1 ст. энергия блогының басқа да технологиялық тораптарын жөндеу.
Жоспарлы жөндеу жүргізу – бұл күзгі-қысқы кезеңге өтуге дайындық бойынша негізгі іс-шара. Бұл іс-шара жабдықты қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін ақауларды жою үшін қажет. Энергия блоктарының жұмысындағы апаттық бұзылуларды болдырмау және жоспарлы жөндеуді уақытылы әрі сапалы орындау үшін қажет.
Жыл басынан бері “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ 4,39 млрд кВт/сағаттан астам электр энергиясын өндірді.