Екібастұздағы ГРЭС-2 де №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары басталды

Күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені көтеруге дайындық үшін станцияда жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылды. Жөндеу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 28 шілдесінен бастап №1 энергоблокта ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Жоспарланған жұмыстарға сәйкес,  қазандықтарды, турбоагрегаттарды, генераторларды, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Негізгі және қосалқы жабдықтардағы барлық жұмыстарды “ЭМ-Холдинг” ЖШС мердігерлік ұйымы, сондай-ақ станцияның жөндеу қызметкерлері жүзеге асырады.

«СЭГРЭС-2» АҚ №1 энергия блогына ағымдағы жөндеу жүргізу кезеңінде мердігерлік тәсілмен келесі жұмыс көлемін орындау жоспарлануда:

  • П-57р қазандығын жөндеу, қазандық агрегатының қосалқы жабдығы;
  • №1 ст. К500-240 ЛМЗ турбинаны жөндеу;
  • №1 ст. ТВВ-5002 ЕУЗ турбогенераторын жөндеу;
  • Электротехникалық жабдықтарды жөндеу (трансформаторлар, электр қозғалтқыштар).

“СЭГРЭС-2” АҚ өз күшімен келесі жұмыс көлемдерін орындайтын болады: арматураны жөндеу, регенерация жүйесін жөндеу, тарту-үрлеу механизмдерін жөндеу, турбинаның қосалқы жабдығын жөндеу, диірмен жабдығын және №1 ст. энергия блогының басқа да технологиялық тораптарын жөндеу.

Жоспарлы жөндеу жүргізу – бұл күзгі-қысқы кезеңге өтуге дайындық бойынша негізгі іс-шара. Бұл іс-шара жабдықты қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін ақауларды жою үшін қажет. Энергия блоктарының жұмысындағы апаттық  бұзылуларды болдырмау және жоспарлы жөндеуді уақытылы әрі сапалы орындау үшін қажет.

Жыл басынан бері “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ 4,39 млрд кВт/сағаттан астам электр энергиясын өндірді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою