экономикалық- жоспарлау бөлімінің жетекші экономисі

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары экономикалық (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және I санатты  экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

Жұмыс бағыты: тарифтерді бекіту үшін материалдар дайындау және уәкілетті органға белгіленген есептілікті ұсыну; реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша Қоғамның кірістерін, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алуды жүргізу; “Мемлекеттік кредиттік бюро”АҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шарттарда, көлемде және тәртіппен Қоғам ұсынатын қызметтер үшін кредиттік тарих субъектілерінің мерзімі өткен берешегі туралы ақпарат беру; жергілікті атқарушы органдардың сұратулары бойынша есептілікті және жалпымемлекеттік статистикалық есептілікті дайындау және жіберу.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.337), 87719374 337 телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою