Энергетиктер күні мерекесіне орай «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жиналған қауымды құттықтай отырып, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс және пайдалану жөніндегі орынбасары Шарыпов Арыстанбек ұжымды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, еңбекқорлығы мен жұмысқа деген жауапты көзқарасы үшін алғысын білдірді.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының 100-ден астам энергетигі төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Марапатталғандардың айтуынша, ГРЭС-2-нің үздік қызметкерлері қатарынан көріну – үлкен мәртебе. Энергетиктер бұл марапаттарды алдағы уақытта да жемісті еңбек етуге және өз ісінің жоғары деңгейдегі маманы мәртебесін сақтауға жаңа серпін деп қабылдайды.

Энергетиктер иеленген жоғары атақтардың, құрмет грамоталарының, алғыс хаттардың және түрлі деңгейдегі өзге де марапаттардың көптігі олардың жоғары кәсібилігін айқын көрсетіп, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясының» қызметкерлерінің кез келген күрделі міндеттерді орындауға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою