Ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» Департаментінің директоры Төлеген Максиловтың Екібастұз ГРЭС-2 станциясының мердігерлік ұйымдарының басшыларымен және желілік басшыларымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау бойынша кездесуі өтті.
Максилов Төлеген Қоғам компаниялары тобындағы еңбекті қорғау мәселелерінің жай-күйі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ қатысушыларды қауіпсіздік мәдениетін құрудағы көшбасшының рөлі туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша жарақаттануды бақылау, алдын алу және төмендету шараларын күшейту бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді, сондай-ақ бірінші басшыларды еңбекті қорғау мәселелеріне жеке тарту арқылы қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру қажеттілігі атап өтілді.