Екібастұз ГРЭС-2 аумағында ірі өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға Екібастұз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары қатысты: МӨСШ-2, Павлодар облысы ТЖД «СПиАСР» ММ-нің 6-ӨСБ, «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ күзеті бойынша «Зевс Энерго» ЖШС ПАСЧ-13 МӨСБ, КТЦ, ЭЦ және ЛПС персоналы.
Нақты жағдайға барынша жақын жағдайларда арнайы техниканы тарта отырып, өртті жоюға тартылған барлық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталды.
«Жақсы» қорытынды бағасы қойылып, оқу-жаттығулардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді.