JAS SAMURYQ – JAS ENERGY

Ағымдағы жылғы ақпанның 10 жұлдызы күні “Самұрық-Энерго” АҚ Жастар кеңесінің төрағасы Фархадұлы Мұхтар Екібастұз ГРЭС-2 станциясының жас қызметкерлерімен кездесті, онда ол энергетиктерді 2022 жылғы жастар желісі бойынша жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Кездесу барысында Жастар бастамаларын дамыту, жұмыс орындарында жас мамандарды қолдау және жастар саясатын қозғайтын басқа да көптеген мәселелер талқыланды. Жас қызметкерлер белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Жас әріптестерімізге жұмыста табыс, мансаптық өсу, барлық ойластырылған жобаларды іске асыру тілейміз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою