Кәсіби мереке – Энергетик күнімен шын жүректен жылы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Құрметті энергетиктер!

Кәсіби мереке – Энергетик күнімен шын жүректен жылы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Энергетиктер күні – сөздің тура мағынасында жылдың ең жарқын мерекелерінің бірі. Біздің өмірімізде энергияның маңыздылығын асыра айту қиын, өйткені экономиканың барлық басқа салаларының өміршеңдігі және көптеген адамдардың үйіндегі жайлылық, жылу мен жарық оған байланысты.

Энергетика – әлеуметтік-экономикалық прогресс пен еңбек өнімділігін арттырудың қозғаушы күші бола отырып, экономикалық өсу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және білім беру тұрғысынан адамдар мен елге әсер ететін іргелі сала болып табылады.

Бүгінгі мереке өмірін тек энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен қатар бұл – энергетиктер буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау. Бұл – еліміздің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған адамдар мерекесі.

Құрметті энергетиктер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге жеңіл жұмыс апталарын, үздіксіз электрмен жабдықтауды, барлық механизмдердің біркелкі жұмыс істеуін, ресурстардың толықтығын, көп күш-қуат, зор денсаулық және жеке бақыт тілейміз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою