Күрделі құрылыс басқармасының техникалық бөлімінің 1 – санатты өндірісті дайындау жөніндегі инженер

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім және 2-санаттағы өндірісті дайындау жөніндегі  инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Жұмыс бағыты: есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана отырып, өндірісті дайындауды жүзеге асыру, өндірістің жиынтықтаушы бұйымдармен, материалдармен, құрал-саймандармен қамтамасыз етілуін бақылау, барлық қажетті техникалық құжаттаманың уақтылы ресімделуін бақылау, бекітілген жұмыс учаскесі бойынша айлық өндірістік бағдарламалар мен ауысымдық-тәуліктік тапсырмалар әзірлеу; өндіріс жоспарының орындалуын бақылау және ырғақты жұмысты қамтамасыз ету, өндірістік процесс барысының бұзылуын алдын алу және жою, жабдықты тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдау; өз қызметі шеңберінде  Қоғамда  қабылданған БМЖ халықаралық стандарттары және ішкі нормативтік құжаттар талаптарын сақтау.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою