«Менің анам-энергетик»

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында «Менің анам-энергетик» атты балалар қолөнерінің байқауы өтті. Жас таланттардың әсем жұмыстары ӘТК ғимаратының бірінші қабатында орналасты. Қолөнер бұйымдарын Басқарма төрағасы Владимир Асташов және Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ақмарал Сейдигалиева бағалады. Бағалау кезінде әр шығарманы безендірудің шығармашылық тәсілі мен эстетикасы атап өтілді.
Байқауға станция қызметкерлерінің 5-тен 16 жасқа дейінгі балалары қатысып, орындар келесідей бөлінді:
1-орын (5 жастан 8 жасқа дейін) – Тишь Руслан, 8 жас
2-орын (5 жастан 8 жасқа дейін) – Қурмангалинова Томирис, 6 жас
3-орын ( 5 жастан 8 жасқа дейін) – Жолдаспаева Айзада, 5 жас
1- орын (9 жастан 12 жасқа дейін)- Мухамеджанова Айлина, 9 жас
2- орын (9 жастан 12 жасқа дейін)- Нефедкина Ангелина, 12 жас
3- орын (9 жастан 12 жасқа дейін)- Пардабаева Гульназ, 12 жас
1- орын (13 жастан 16 жасқа дейін)- Әнуарбек Аружан, 13 жас
2- орын (13 жастан 16 жасқа дейін)- Жолдаспаева Айдана, 15 жас
3- орын (13 жастан 16 жасқа дейін)- Сергалиев Даулет, 13 жас.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою