Өндірісті дайындау цехының кран шаруашылығының аға шебері

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кем дегенде 7 жыл.

   Жұмыс бағыты: ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік учаскеге басшылықты жүзеге асыру; кран шаруашылығының жабдықтарын пайдалануды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, жүргізілген жөндеу жұмыстарының ТМК жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестесіне сәйкестігін бақылау; жүк көтергіш механизмдерді пайдалану жөніндегі бригада шеберлеріне басшылық жасау, олармен бірлесіп еңбекті ұйымдастыру ТМК пайдалану жөніндегі бригаданың бағынысты персоналы.

Түйіндеме мен дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: RNurgazinov@gres2.kz, “Samruk Qyzmet” бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында (www.qsamruk.kz) және  жарияланған күнінен бастап үш күннен кешіктірмей  8(7187) 227510(ішкі. 393) телефоны бойынша хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою