Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім және 1-санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, не өндірісте инженер болып жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта, техникалық орта) білім 1-санатты инженер лауазымындағы мамандықтары мен жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, не санатсыз кемінде 4 жыл.
Жұмыс бағыты: айналмалы механизмдердің дірілін баптау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларға басшылық жасау, ұйымдастыру және жүргізу; жабдықтың діріл деңгейін қолданыстағы НТҚ-мен айқындалатын параметрлердің мәндеріне дейін төмендету.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»АҚ-ға «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірмей жолдау (www.qsamruk.kz) және ASaifutdinov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 телефоны (ішкі 460) арқылы хабарласу.