Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық, экономикалық) және 2-санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе инженер ретіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Жұмыс бағыты: Қоғамның жабдықтарын күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, күзгі-қысқы кезеңнен өту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және келісу, ұсынылған есептердің іс-шараларының орындалуын бақылау. Қызметтің негізгі (өндірістік) түрлеріне лицензия алуға құжаттарды дайындау және ресімдеу, олар бойынша есептер жасау, қоғамның лицензияланатын қызмет түрлері бойынша жоғары тұрған ұйымдардың сараптамалық тексерулеріне дайындығын ұйымдастыру; жабдықтың КҚК жұмысына дайындығы паспортын алу.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»АҚ-ға «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірмей жолдау (www.qsamruk.kz) және ASaifutdinov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 телефоны (ішкі 460) арқылы хабарласу.