Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру;

өндірістік учаскелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру; Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру.

Түйіндеме мен дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@GRES2.KZ және мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8(7187) 299337.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою