Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және 1-санаттағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік, құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: MBaytemirov@gres2.kz «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасына және 8(7187) 227510(ішкі 353) телефоны бойынша хабарласу.