орталықтандырылған жөндеу цехының дәнекерлеу тобының шебері

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, жабдықты қайта жөндеудің алдын алу; дәнекерлеу тобы персоналының еңбегін басқару, ұйымдастыру, бағынышты персоналды қажетті құжаттамамен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамасыз ету; бекітілген жүктеме кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу кезінде дәнекерлеу жұмыстарын, термиялық өңдеу жұмыстарын сапалы орындауды қамтамасыз ету.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: YuSamkov@GRES2.KZ  және  байланыс телефондары: 8(7187) 299330.

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою