Павлодар облысында «Исабек Ишан Хазрет» мазар кешенінің маңында заманауи қонақ үй ашылды

Павлодар облысының киелі картасына 43 нысан енген. Осы тізімдегі ең маңыздыларының бірі – мыңдаған турист пен зиярат етушілерді тартатын Екібастұз ауылдық аймағында орналасқан Исабек Ишан Хазрет мазар кешені.
Келушілердің ыңғайлы орналасуы үшін мазар кешенінің қасында 24 орындық заманауи қонақ үй салынды. «Исабек Ишан Хазрет» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Маңат Алғамбаров айтып өткендей, бірқабатты ғимаратта 8 нөмір және ағартушының қолжазбалары қойылған музей бар. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатына өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қатысып, мәдени мұра сақталуы мен киелі мекендердегі туризмнің дамуы маңыздылығын атап өтті.

?Исабек ишан халқымыздың руханиятына ерекше үлес қосқан тұлға. Әрбіреуіміз бабамыздың есімін жадында сақтаған, – деді облыс әкімі. – Бүгін біз игілікті іс – зиярат етушілерге арналған жаңа демалыс орнының ашылуының куәсі атандық. Бұл іске қатысы бар адамдардың баршасына алғыс айтамын.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою