ҚР Энергетика министрі Екібастұз ГРЭС-2 станциясында болды.

2022 жылғы 24 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Екібастұз ГРЭС-2 станциясында болды.
Кәсіпорын жұмысы және “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-дағы №3 энергоблогының құрылысы бойынша ауқымды жобаны іске асыру туралы министрді “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Жандос Медеуов өз баяндамасында таныстырды.

Қуаты 636 МВт болатын турбогенератор және ҚХР-дан тікелей ағынды мұнара қазандығы негізгі жабдық болып таңдалды. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 2025 жылы 1600 МВт дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Павлодар облысы электр энергиясын өндіру бойынша елімізде бірінші орын алады және республиканың барлық электр энергиясы көлемінің 40%-ын қамтамасыз етеді.

Облыстың электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 8014 МВт, қолда бар электр қуаты – 7692 МВт.

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою