Құрметті әріптестер, энергетиктер!

Сіздерді кәсіби мереке – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жылу және электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға өткізуді қамтитын саланың барлық қызметкерлері үшін салтанатты күн.
Қазіргі заманғы энергетика әлемдік экономикалық прогрестің маңызды қозғаушы күші болып табылады және миллиардтаған адамдардың әл-ауқаты оның жағдайына тікелей байланысты.
Екібастұз өңірінде осы саланы құрған және дамытқан ардагерлерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тәжірибелеріңіз жас ұрпаққа қашанда үлгі. Жас энергетиктер бұл дәстүрді лайықты жалғастырады деп сенемін.
Энергетика саласында ондаған мың маман жұмыс істейді. Олардың қызметі абыройлы, әрі елге сыйлы. Себебі, мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы жоғары. Энергетиктер – адамдарға жарық пен жылу сыйлайды. Сіздер Қазақстан экономикасының дамуына қомақты үлес қосып келесіздер.
Өтіп бара жатқан жылды қорытындылайтын болсақ,көп жұмыс атқардық. Ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында біздің желілерге жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген үшінші энерго блокты салу жоспарлануда. Компания мамандарының жоғары кәсібилігі мен күш-жігерінің арқасында энергетикалық тиімділікті арттыру, шығындарды азайту, инновациялық технологияларды енгізу бойынша міндеттер сәтті орындалды. Осының барлығы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.
2022 жылы Станция алдындағы негізгі міндет – халықты сапалы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, өзгеріссіз қалады.
Өндірістік міндеттерді орындау және өзара көмек көрсету жауапкершілігі үшін әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Мерекемен құттықтай отырып, апатсыз жұмыс, сарқылмайтын өмірлік қуат, зор денсаулық тілеймін! Сіздердің отбасыларыңызда әрдайым жылу мен жарық болсын, ал кәсіби қызмет лайықты табысқа жетелесін!

Ізгі ниетпен, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ның Басқарма торағасы Дәурен Сағидолла


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою