«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының II жастар-білім беру форумы

Алматыда 6 желтоқсан мен 9 желтоқсан күндері аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының II жастар-білім беру форумы өтті.
Форум еліміздің түкпір-түкпірінен ең белсенді, мақсатты, ынталы жас мамандардың басын қосты.

Форум барысында қатысушылар үшін тренингтер, дөңгелек үстел және команда құру іс-шараларын қамтитын ауқымды бағдарлама дайындалды.

Іс-шара барысында жастар көшбасшылықты, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруды үйренді, шешім қабылдау дағдыларын, эмоционалдық интеллектін дамытып, 4D басқару жүйесімен танысты.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою