Солнечный кентінің 40 жылдық Мерейтойы құтты болсын!

Солнечный кентінің 40 жылдығына орай Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген азаматтарға марапаттар табыстады. Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер, сондай-ақ кенттің дамуына елеулі үлес қосқан Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері бар.

Салтанатты бөлімнен кейін мерекелік бағдарламаны қазақстандық эстрада жұлдыздары жалғастырып, кент тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын мерекелік әсер сыйлады.

Кентіміздің тарихы мен Екібастұз ГРЭС-2 тарихы бір-бірімен тығыз байланысты. Энергетиканың дамуы Солнечный кентінің пайда болып, қалыптасуына негіз болды. Энергетикалық кәсіпорынмен бірге кент те өсіп, дамыды, отбасылар құрылды, үйлер салынды, әлеуметтік инфрақұрылым қалыптасты, адамдардың берік қауымдастығы орнықты. Алайда бұл байланыстың тағы бір маңызды қыры бар: бүгінгі таңда станциямыздың жұмыс істеп, дамып келе жатқаны — Солнечный тұрғындарының еңбегінің арқасы.

Энергетиктердің талай буыны өз еңбегін ГРЭС-2-ге арнады, ал олардың отбасылары кент өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Мұнда күн сайын өз еңбегімен станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикасын дамытуға үлес қосып жүрген адамдар тұрады.

Біз үшін Солнечный — станцияның жанында орналасқанжай ғана елді мекен емес. Бұл — біздің ортақ үйіміз, тарихымыз және ортақ адамдарымыз.Екібастұз ГРЭС-2 станциясы кенттің дамуын тұрақтытүрде қолдап, әлеуметтік және қоғамдық бастамаларға қатысады, маңызды мәселелерді шешуге көмек көрсетеді және оның тұрғындарының өмірін жайлы етуге ұмтылады. Біз бұл өзара қолдау мен ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасып, нығая түсуі қажет деп есептейміз.

40 жыл — адамдардың қолымен және жүрегімен жасалған үлкен тарих. Мықты кент — мықты адамдар, ал қуатты станция — оның еңбек ұжымы мен болашақты бірге қалыптастырып отырған тұрғындары. Солнечный кентіне одан әрі даму мен өркендеу, ал барлық тұрғындарына зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбітшілік, молшылық және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз!

Солнечный кенті мен Екібастұз ГРЭС-2 станциясы бұдан былай да қатар дамып, бір-біріне қолдау көрсете берсін!

Мерейтойыңмен, Солнечный! 40 жылдығың құттыболсын!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою