Тарифтік ведомствоның басшысы «Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ы мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның баспасөз турларына қатысты

Бүгін, 2021 жылғы 8 қазанда, Тарифтік ведомствоның басшысы Асан Дарбаев Павлодар облысының табиғи монополистерінің нысандарына барды.

Екібастұз қаласының маңында өз қызметін 1-МАЭС және 2-МАЭС сияқты ірі жылу энергетикалық алыптар жүзеге асырады, олар бойынша баспасөз турлар, дәлірек айтқанда «Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ы және «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-ның нысандары бойынша өтті.

Баспасөз турын ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ы және «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Осы нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп тексерді, онда олар субъектілердің таяудағы жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларымен таныса алды.

Бірінші барған нысаны «Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ы болды.

Кәсіпорында 2021 жылы жөндеу жұмыстарының орындалуы және          2020 жылы орындалған жұмыстары туралы бас директор – Көпенов Еділ Құдайбергенұлы айтып берді.

Одан кейін баспасөз турының қатысушылары «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-да болды.

Екібастұз 2-МАЭС станциясындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Сағидолла Дәурен айтып берді.

Бұдан әрі «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-ның өкілдері қатысушыларды 2018-2021 жылдардағы жылу энергиясын өндіру жөніндегі инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы хабардар етті. Бұл инвестициялық бағдарламаны ТМРК-ның Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысының Энергетика басқармасымен бірлесіп бекітті, оның орындалуын тарифтік ведомство бақылайды.

Осы кезеңге жылу энергиясы бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 147 млн. теңгені құрайды.

2021 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын сатып алу бойынша іс-шара көзделген. Қазіргі уақытта осы көзқарас бойынша сатып алу-шарттық рәсімдер жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қарастыруында жатқан 2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясы жөніндегі жаңа инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінім ұсынылды.

Инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 88 млн. теңгені құрайды.

Осы инвестициялық бағдарлама аясында жабдықтардың сенімділігін арттыруға бағытталған көптеген іс-шараларды орындау жоспарлануда.

«Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-ның өкілдері атап өткендей, жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру жылу энергиясын өндіру бойынша жабдық жұмысының сенімділігін арттыруға және тұтынушыларға жылу энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ТМРК басшысы өз кезегінде жылу және электр энергиясын үздіксіз және сапалы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, тұтынушылардың игілігі үшін осындай ауқымдағы субъектілер қызметінің маңыздылығын атап өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/266848?lang=kk


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою