Тазалық айлығы жалғасуда

11-сәуір күні Солнечный кентінде санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы басталды. Тазалық айлығына орай бір ай көлемінде жалғасатын сенбілік жұмыстарына Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері біркісідей атсалысып, кент тазалығына өз үлестерін қосты. Көше маңын қоқыстан тазартып, ауданның көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында парктер, көшелер тазаланып, күл-қоқыстар арнайы орынға шығарылды. Көше жиегіндегі бардюрлер, талдар ақталып жаяу жүргіншілер жолы да сыпырылды.

Айта кетерлік, айлық 11-мамырға дейін жалғасады.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою