23 ақпан күні Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Екібастұз ГРЭС-2 жас қызметкерлерімен және Солнечный кентінің жастарымен кездесті.
Кездесу барысында жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру процесіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Жастарды мемлекеттік қолдау туралы айтылды. ГРЭС-2 жастар кеңесінің белсенділері кәсіпорындағы жастар қозғалысының дамуы туралы хабардар етті, сондай-ақ жүзеге асырғысы келетін өз ұсыныстары және идеяларымен бөлісті.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова атап өткендей, қоғамда тек еңбек жастары ғана еңбекке деген құрметті және мамандыққа шығармашылық қатынасты қалыптастыра алады.