Жеңіс күні қарсаңында Екібастұз ГРЭС-2 станциясының басшылығы Әйелдер энергетикалық клубымен және Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, станцияның зейнеткері — жалғыз тыл еңбеккері Бакталова Валентина Прокопьевнаны мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында Валентина Прокопьевна сұрапыл соғыс жылдарындағы қиын кезеңдерді еске алып, тыл еңбеккерлерінің басынан өткен ауыртпалықтар туралы айтып берді. Сонымен қатар бүгінгі ұрпаққа бейбіт аспан, бірлік пен амандық тіледі.

Құрмет пен алғыс белгісі ретінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ станцияның және Солнечный кентінің тыл еңбеккерлеріне, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларға  50 000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек аударды.

Аға буынның ерлігі — қайсарлықтың, төзімділіктің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Олардың ерлігін ұмытпай, ардагерлерге құрмет көрсетіп, бейбіт өмірдің қадірін келер ұрпаққа жеткізу — баршамыздың міндетіміз.

Жеңіс күні құтты болсын!
Әр шаңырақта бейбітшілік, амандық пен жақсылық орнасын.

Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою