«Самұрық-Энерго» АҚ XI Спартакиада қорытындысы бойынша Екібастұз ГРЭС-2 станциясының басшылығы жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

«Самұрық-Энерго» АҚ XI Спартакиада қорытындысы бойынша Екібастұз ГРЭС-2 станциясының басшылығы жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Станция намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға дипломдар мен ақшалай сыйлық табысталды. Басшылық өз сөзінде қатысушылардың табандылығы мен жеңіске деген жігерін ерекше атап өтіп, спорттық жарыстарда көрсеткен белсенділігі мен ұйымшылдығы үшін ризашылықтарын жеткізді.

XI Спартакиада барысында біздің спортшылар кәсіби шеберлік пен командалық рухтың үлгісін көрсетіп, Екібастұз ГРЭС-2 ұжымының бірлігі мен күшін тағы бір мәрте дәлелдеді. Барлық қатысушыларға станцияның мәртебесін жоғары деңгейде танытып, ұжымның абыройын асқақтатқандары үшін шынайы алғыс білдіреміз.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою