Кездесудің негізгі тақырыбы интернет-алаяқтықтың алдын алу, алаяқтықтың кең таралған түрлері және оларға қарсы іс-қимыл жасау тәсілдері болды.
Іс-шара барысында мамандар интернет желісінде, телефон қоңыраулары, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы алаяқтар қолданатын заманауи алдау әдістері туралы айтып берді. Онлайн төлемдер жасау кезінде сақтық шараларын сақтау, жеке деректерді қорғау және алаяқтық әрекеттердің белгілерін тану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бүгінде интернет-алаяқтық мәселесі аса өзекті болып отыр, өйткені жыл сайын қаскөйлер азаматтарды алдаудың барған сайын күрделі әрі айлакер тәсілдерін қолдануда. Сондықтан халықтың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттық хабардарлығын арттыру осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Кездесу барысында станция қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өздерін және жақындарын алаяқтық әрекеттерден қорғау бойынша практикалық ұсыныстар алды.