Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Басқарма төрағасы Булат Кашаганов станция қызметкері, армрестлингтен «Грандмастер» санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионатының қола жүлдегері Зейнолла Тусуповты жоғары спорттық жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Зейнолла Тусупов өзінің табандылығы, қайсарлығы мен жеңіске деген жігерінің арқасында кәсіпорынның ғана емес, Қазақстан Республикасының да абыройын асқақтатып келеді. Оның жетістіктері әріптестеріне үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосуда.

Сонымен қатар, Басқарма төрағасы спортшыға оның еңбегі мен жетістіктерін жоғары бағалап, ақшалай сыйақы табыстады.

Зейнолла Тусуповты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жарқын жеңістерге, зор денсаулық пен кәсіби қызметінде және спорт жолында жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою