“Самұрық-Қазына” компаниялар тобының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында оқушыларға көмек көрсету қайырымдылық жобасы іске асырылды.
Балалар жылында ол “Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық” ұранымен өтті.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясы акцияға белсенді қатысып, станция жұмыскерлері Павлодар облысының әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан бірінші сынып оқушыларына арналған кеңсе тауарларының жинақтары бар мектеп жолдорбаларын берді.
Айта кету керек, “Самұрық-Қазына” АҚ бүкіл Қазақстанның әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан 12 мың бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындау үшін 185 млн теңге бөлді.