Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері Қазақстан халқының Тілдері күніне орай қазақ тілінен ашық диктант жазды.

Іс – шараның мақсаты – тіл мәдениеті мен жалпы адамзаттық рухани құндылықтар қағидаттарына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.
Әр халықтың тілі – оның сан ғасырлық тарихының, мәдениетінің коды. Сондықтан оны сақтау мен дамыту ұлттық бірегейлік пен қадір-қасиетті қалыптастырудың маңызды шарты болып қала береді. Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесінің басты мақсаты-ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, сонымен қатар жақын жерде тұратын басқа халықтардың тілдері туралы білімдерін кеңейту.
Басқарма төрағасы Жандос Медеуов мемлекеттік тілді насихаттаудағы, этнос өкілдерінің тіл, мәдениет және Қазақстан халқының салт-дәстүрлері көрсетіліміндегі жоғары белсенділігін атап өтті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою