«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында оқушыларға көмек көрсету қайырымдылық жобасы іске асырылды.
Балалар жылында ол «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтті.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясы акцияға белсенді қатысып, станция жұмыскерлері Павлодар облысының әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан бірінші сынып оқушыларына арналған кеңсе тауарларының жинақтары бар мектеп жолдорбаларын берді.
Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» АҚ бүкіл Қазақстанның әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан 12 мың бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындау үшін 185 млн теңге бөлді.