1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күнін мерекелеу құрметіне Екібастұз ГРЭС-2 ардагер-энергетиктері үшін салтанатты іс-шара өтті.

Құрметті ардагерлер!

Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз!

Талай жасты тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою